Қазақстанның күнбағыс тұқымы мен бидайға экспорттық сұраныс өседі

Қазақстанның күнбағыс тұқымы мен бидайға экспорттық сұраныс өседі

Қазақстандық күнбағыс, ұн, бидай және майлы дақылдар өнімдеріне сыртқы нарықтардағы сұраныс артады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы Министрлігі. Ведомство мамандары ішкі қажеттілікті қанағаттандыру және артығын экспорттауға дайын болу үшін аграршылар көп өнім шығару керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, бірқатар өнімдердің қымбаттауына байланысты Қазақстанда мүмкіндігінше барлық егін алқаптарына тұқым себу жоспарда бар.