«Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылды
«Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске
қосылды. Осылайша еліміз Еуразиядағы ең басты транзит хабының біріне айналды.
Енді Қытайдан Еуропаға біз арқылы өтетін жүк тасымалы 5 есе артады. Жаңа темір
жол торабының стратегиялық, экономикалық мән-маңызы туралы Мемлекет
басшысы New Silk Way VII халықаралық
көлік-логистика бизнес-форумында айтты.

