Қазақстан-Бельгия: сауда айналымы артып келеді
Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған 10 үздік инвестордың бірі. Қазір елдегі химия өнеркәсібі, логистика, энергетика және су тазарту салаларында корольдік капиталы бар 10-нан астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олар 20 жылда ел экономикасына 15 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған. Осыдан екі жыл бұрын тауар айналымы шамамен 456 миллион доллар болса, былтыр көрсеткіш 582 миллион долларға дейін өсіпті. Биыл да нәтиже жаман емес. Төрт айда алыс-беріс 179,5 миллион долларға жетіп, 1,5 пайызға артқан. Қазақстан Белгияға көбінде металл мен шикізат экспорттайды. Соңғы жылдары ауылшаруашылығы өнімдерінің үлесі артып келеді. Ал, Бельгиядан бізге машина бөлшектері, жоғары технологиялық өнімдер, фармацевтика және өнеркәсіпке арналған тауарлар импортталады.

