Түрік инвесторы Көкшетауда салынатын ЖЭС құрылысының тендеріне қатысады

Үкімет басшысы  Түркия Республикасы Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін, сондықтан өзара тиімді жаңа жобаларды іске асыруды қолдайтынын атап өтті. Бауырлас елдің тағы бір іскерлік тобы- Alarko Holding те елімізге инвестиция құюға мүдделі. Компания президенті Йылдыз Умит Нури Әлихан Смайыловпен энергетика, теміржол және автожол құрылысы, су тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Үкімет басшысы бұл компания елімізде бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысып жатқан атап айтты. Соның бірі Алматы облысында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу жөніндегі жоба аяқталуға жақын.