Қазақстан мен Пәкістан сауда қатынасы – 101,3 млн доллар
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық байланыс артқан. Мәселен, 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 101,3 млн долларды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 108 пайызға артыпты. Қазақстан Пәкістанға негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері мен металл бұйымдарын экспорттаса, пәкістандық импорт көбіне жеміс-жидек, дәрілік заттар және үлкендерге арналған киім-кешектерді құрайды. Енді екі жақ логистика, инвестиция бойынша да байланысты күшейтуге ниетті.

