3 жылғы бюджетке қайта түзету енгізіледі

3 жылғы бюджетке қайта түзету енгізіледі

Бүгін сенаторлар алдына Үкімет құрамы толық келіп, алдағы үш жылғы бюджетті таныстырды. Бірақ жоғарғы палатаның талқысына құжат өтпеді. Түзету жасау үшін мәжіліске кері қайтарды. Өйткені кейбір жекелеген баптарға түзету енгізілуі қажет, мәселен, әлеуметтік салаға қатысты. Бұған дейін мәжіліс бекіткен заң жобасында бюджет шығысы: 2026 жылы – 27,7 трлн теңге; 2027 жылы – 28,8 трлн теңге; ал 2028 жылы – 29,8 трлн теңге деп көрсетілген. Құжатта доллар бағамы 540 теңге, мұнай барреліне 60 доллар болады деп көрсетілген. Ал кіріс 2026 жылы 19,5 трлн теңге шамасында болмақ. Яғни, бюджет дефициті бақандай 10 трлн теңгеге тең. Мұны толтыру үшін Үкімет салық кодексін жаңалауға мәжбүр болған. Сонымен, сенаторлар тарапына ұсынылған өзгерту жасалғаннан кейін 3 жылғы бюджет бекітілген заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық орындау бюджеттің басым міндеті болып қала береді. Келер жылы Республикалық бюджеттен әлеуметтік саладағы шығыстары шамамен 40 пайызды құрап, 10, 8 трлн теңгеден асады.