Жұмыспен қамтудың жол картасы: қаражат қайда жұмсалады?

Биыл Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға 300 млрд теңге бағытталады. Үкімет бұл қомақты қаржыны бірден бірнеше ірі инфрақұрылымдық жобаны ілгерілетуге бағытталатынын түсіндірді. Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша, осы бағдарламаны іске асыру есебінен 36 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- «Атамекен» ҰКП, әкімдіктер қатысатын микроқаржы ұйымдары арқылы 22,5 млрд теңге көлемінде бизнес жобаларды қаржыландыру жоспарланған. Өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуға 50 млрд теңге бағытталады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға «Бәйтерек» холдингі арқылы 100 млрд теңге жіберу жоспарланып отыр.