Орталық Азия елдері сауда көкжиегін кеңейтуге дайын

Орталық Азия елдері сауда көкжиегін кеңейтуге дайын

Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 6,5 млрд долларға жетті. Бұл ретте аймақ елдері арасындағы өзара сауданың үлесі небәрі 9% құрайды. Осыған байланысты ел Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мемлекеттерді сауда байланыстарын нығайтуға және кеңейтуге шақырды. Министрлер Кабинетінің басшысы өңірлік ынтымақтастық әрқашан Қазақстанның басты басымдықтарының бірі болғанын атап өтті. Қазір өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Әлихан Смайыловтың айтуынша, сондай-ақ, жаһандық экономикадағы терең құрылымдық өзгерістер аясында, ұлттық экономикалық даму саясатын орта мерзімді кезеңге бейімдеу қажет.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

– Біз бизнес-қоғамдастықтың және халықаралық қаржы ұйымдарының сарапшыларының белсенді қатысуымен жаңа Қазақстанның экономикалық саясатын әзірлеуге кірістік. Осы құжат аясында инвестициялық ахуалды, бизнес-ортаны жақсарту, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту, технологиялық жаңғыртуды ынталандыру, инновацияларды, ауқымды және CJ стандарттарын енгізу, «жасыл» қаржыландыру мен баламалы энергияны кеңейту бойынша жаңа шаралар дайындалады.