Жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылады
Жыл соңына дейін Қашағанда жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылады. Бұл туралы үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты. Зауыт жылына 1 млрд текше метр мұнай өңдей алады. Бұған «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры да қаржы құймақ. Бұдан бөлек, министр Қарашығанақта шикі газды кері айдайтын 6-шы компрессор іске қосылатынын жеткізді. Бұл мұнай өндіруді жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруга ықпал етеді. Қазір ірі жер қойнауын пайдаланушылармен тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жалпы, биыл соңғы үш айда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн тоннаға жеткен. Ал, мұнай экспорты 15,3 млн тоннаны құрады. Биылғы болжам – 76 млн тонна, - деді Ерлан Ақкенженов. Министр сондай-ақ жыл басынан бері 13,6 млрд текше метр газ өндірілгенін айтты.

