Қазақстанда ғылымды дамытуға жұмсаған инвесторларға салықтық жеңілдіктер қарастырлуы мүмкін
Қазақстанда өз
қаражатын ғылымды дамытуға жұмсайтын инвесторларға 150% салықтық жеңілдік
қарастырылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Нақты
тетік ғылым және технологиялық саясат туралы заңда көзделетін болады. Құжат
қыркүйек-қазан айларында ұсынылмақ. Парламентте талқыланғаннан кейін, 2024
жылдың бірінші жартысында қабылданады деп жоспарлануда. Айта кетейік, алдағы үш
жылда мемлекет қазақстандық ғылымды 650 млрд теңгеге қаржыландырады, Оның
ішінде 9 миллиард теңгеге жуық қаражат іргелі зерттеулерді қаржыландыруға
жұмсалмақ. Ол зерттеулерді 11 ғылыми-зерттеу институты әзірлейді. Қазақстанда
2027-2028 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемін ЖІӨ-ге шаққанда 1%-ке жеткізуді
жоспарлап отыр. Айта кетейік, биыл ол 0,25% құрайды.