Мұнай бағасы 64 долларға дейін арзандауы мүмкін
Мұнай бағасы биыл 64 долларға дейін арзандауы мүмкін. Бұл
туралы Дүниежүзілік банктің баяндамасында айтылады. Әлемдік экономика дамуының
баяулауы, мұнай нарығындағы ұсыныстардың көбеюі бағаның төмендеуіне әкеп
соғады. Ал бұл өз кезегінде дамушы экономикалардың үштен екісіне әсер етуі
мүмкін деп жазылған банктің баяндамасында. Биыл әлемде шикізат тауарлары 12
процентке, келер жылы тағы 5 процентке арзандауы ықтимал. Бұндай жағдай соңғы
рет пандемия кезінде, яғни 2020 жылдары болған.

