Қазақстан тікелей шетелдік инвестиция көлемін ұлғайтуда
2022 жылы
Қазақстанға шетелдік инвестициялардың таза ағыны 6 миллиард доллардан асты.
Ұлттық банктің мәліметінше, биыл да оң үрдіс сақталып отыр. 2023 жылдың бірінші
тоқсанында инвесторлар АҚШ валютасында 2,5 миллиард қаражат салған. Бұл 2022
жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге дерлік көп. Сонымен қатар жалпы
капиталға түскен қаржат та өсім көрсетті. Оның ел экономикасындағы
инвестициялар көлемі биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,5 млрд-тан асып
жығылды. Сарапшылардың айтуынша, өсім негізінен Қазақстанның мұнай өндіру,
сауда және қаржы секторына халықаралық компаниялардың қосымша инвестициялары
есебінен тіркелді. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі мен көтерме сауда шетелдік
инвесторлар үшін ең тартымды болып қала береді. Электрмен жабдықтау саласына да
бағытталған капитал көлемі артқан. Биыл жыл басында шетелдік инвестиция
құйылған негізгі өңірлер Атырау облысы мен Алматы болды. Еліміздегі басты қаржы
инвесторлар тізімінде әлі де Нидерланды, АҚШ және Швейцария көшбастап тұр.