Шомылу маусымына 2 ай қалды: Алакөл жағалауы дайын ба?
Жыл сайын қазақстандықтар шетелде демалуға 4 млрд доллар жұмсайды. Ал бұл қаржы елімізде қалуы тиіс. Мәжілісте туризмнің дамуына арналған жиында депутат Айдарбек Қожаназаров осылай деді. Оның сөзінше биыл геосаяси тұрақсыздық күшейіп, ішкі туризмге сұраныс артуы мүмкін. Мәселен Алакөлге келетін 1,5 миллион туристің саны көбеймесе, азаймайды. Ал инфрақұрылым туристер ағынына дайын емес. Мәжіліс депутаттары әуе билеттерінің қымбаттығына, ұялы байланыс пен интернеттің жоқтығына, кәріз жүйесінің ретсіздігіне тоқталды. Су шайып кеткен жағажайлар жағдайы да сөз болды.

