«Астана Опера» оныншы мерейтойлық маусымын симфониялық концертпен аяқтады

«Астана Опера» театрының оныншы мерейтойлық маусымының шымылдығы симфониялық концертпен жабылды. Көпшілік назарына өнер ошағының бас дирижері  Алан Бөрібаев ерекше  бағдарлама ұсынды. Оның жетекшілігімен Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың әйгілі «Құрманғазы» операсынан сюитаның премьерасы қойылды. Маэстро ұлттық өнерді насихаттау театрдың басым бағыты екенін атап өтті. Сондықтан мерейтойлық маусымды қазақ өнерінің алтын қорына енген туындымен жабуды жөн көрген.  Ол сюитаның концерттік нұсқасына операдан бірнеше жарқын симфониялық үзіндіні таңдап алған. Отандық өнер майталманы оркестрге вибрафон, ксилофон том-том, бонго, маракас сынды соқпалы аспаптарды қосу арқылы сахналық қойылымға айрықша музыкалық әсер қосуды көздеген. Сондай-ақ, Антонин Дворжак пен Густав Малердің туындылары кештің сәнін келтіреді. Өнер сүйер қауым есімі әлемге мәшһүр виолончельші Цзин Чжаоның да өнерін тамашалай алды.

Алан Бөрібаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «астана опера» театрының бас дирижері:

-  Біз кезінде Жапонияда бір сахнада өнер көрсеттік. Енді міне оның арнайы шақыртумен  Астанаға келгеніне қуаныштымын. Біз тағы бірге виолончельге арналған ауқымды концерттік бағдарлама береміз. Дворжака шығармасы виоленчельшілерге арналған үзік 5 концерттік бағдарламалардың қатарынна енеді деп сеніммен айта аламын. Театр маусымы ауқымды, тосын сыйларға толы болды. Ең алдымен көрермен көңілінен шығады деген үздік жаңа қойлымдар сахналанды. Өткен 10 жыл бойы талғампаз көрермен қызықты туындылармен танысты. Жаңа туындылармен қатар көптеген танымал әртістер өнер көрсетті.