Фотокөрме: қатерлі ісікті жеңген 15 кейіпкер тағдыры
Neo AqJaima - осындай
атауымен Астанада ерекше фотокөрме өтіп жатыр. Ерекшелігі сол - онда қатерлі
ісікті жеңіп шыққан 15 адамның тағдыры суретпен сөйлетілген. Ең жас қатысушы -
19 жаста, ең үлкені - 80-де. Барлығы жаман аурудың 3-4 сатысына келсе де,
мойымай, ақыры еңсеріп шыққандар. Көрменің ашылуында кейіпкерлер өз
тәжірибесімен бөлісіп, онкологиямен күресіп жүрген жандарға қолдау білдірді.
Жобаны NeoClinic клиникасы мен фотограф Оспан Әли бірлесіп жүзеге асырған. Оған
онкология саласының мамандары да қатысқан. Фотограф көрменің негізгі символы
ретінде-ақ жайма таңдаған. Ол әр кейіпкердің өмір жолын терең түсініп,
қиындықтар мен жеңістерді бейнелейтін әсерлі портреттер жасаған.
Оспан Әли, Кәсіби фотограф:
- Бұл көрмеде 15 кейіпкер, олар онкологияны жеңіп
шаққандар. Солардың өмірлік тәжірибесі арқылы Сосын 8 суретшінің көзқарасымен
ақжайманың философиясын ашу. Расында, қаншама кейіпкерлер келісім береді. Сосын
жоқ боп кетеді. Сондықтан қазір көріп отырған кейіпкерлердің бәрі батыл.
Жазира Асанова,
Жобаға қатысушы:
- Сүт безінің
онкологиясы болды, 2-стадия. Химиотерапиядан да өттім, сәулелік терапиядан да
өттім. Негізі 2 жылдай ем алдым. Бұл өте қиын жол негізі. Бұл жол барысында
туыстарым да барынша қолдау көрсетті. Біз де осындай көрмелер арқылы, жобалар
арқылы қазіргі таңда күресіп жатқан жандарға барынша қолдау көрсеткіміз келеді.

