Рухия Байдүкенова Қазақстан атынан Silk Way Star байқауына қатысады

Рухия Байдүкенова Қазақстан атынан Silk Way Star байқауына қатысады

«Silk Way Star жобасына қатысу мен үшін мәртебе» - биыл Қытайда өтетін мега жобаға қатысатын Рухия Байдүкенова Instagram парақшасында осындай мәлімдеме жасады. Әнші бұл жобаны мәдениеттер тоғысы деп бағалап отыр. Әрі халықтар арасындағы достықты нығайтушы күш деп санайтынын жазыпты. Жас әнші Рухия Байдүкенова Silk Way Star жобасының екінші маусымында Қазақстан атынан қатысады. Байқау Қытайда өтеді. Бұған дейінгі бірінші маусымы былтыр Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешені мен Қытай Медиа корпорациясы арасындағы келісім негізінде «Жібек жолы» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен болатын. Бірінші маусымның трансляциясы Қытайдың өзінде 1 млрд-тан астам қаралым жинаған. 12 елден өнерпаз қатысып, музыкалық додада Моңғолия әншісі Мишель Джозеф жеңімпаз атанған. Ал екінші маусымының түсірілімі осы жазда Иу қаласында өтеді.