Франция кинофестивалінде Орталық Азия киносының ретроспективасы ұсынылды

Франция кинофестивалінде Орталық Азия киносының ретроспективасы ұсынылды

Қазақстанның заманауи фильмдері Еуропадағы ең ірі Орталық Азия кинофестивалінде ұсынылды. Францияның Везуль қаласында республикамыздың атынан тұңғыш рет «Оскар» сыйлығына ұсынылған «Моңғол» тарихи блокбастері, режиссер Әмір Байғазиннің «Жаралы періште», режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмдері және Жапониямен бірлесіп түсірілген «Барымташылар» картинасы көрсетілді.

Андрэ Иванов, Франциядағы Қазақстан кино қауымдастығының президенті:

- Көрсетілген фильмдер көрермендердің елімізге қызығушылығын арттырды. Ұлы дала мен тауларды көру үшін пандемиядан кейін Қазақстанға қалай баруға болатыны жайлы үнемі сұрайды. Адамдарыңыз қандай сұлу дейді. Яғни кинематографияның арқасында Қазақстанға саяхаттауға ынтасын ояттық.

Везуль кинофестивалінде Орталық Азиядағы өзге елдердің де туындылары ұсынылды.

Жан-Марк Теруанн Везулде, Азия киносы фестивалінің ұйымдастырушысы:

- 28 жыл бойы халықты Орталық Азия киносымен таныстырып келеміз. Бұл өте сирек фильмдер болғандықтан, көрермендерге мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес беремін. Фестиваль қонақтары бірегей ретроспективаны ұйымдастыру бойынша еңбегімізді жоғары бағалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Орталық Азия киносының ретроспективалық көрсетілімдері індетке дейін түсірілген үздік туындыларды тамашалауға мүмкіндік береді.