2500 домбырашы күйші - Динаның бейнесін жасады
Кілең домбырашылар жиналған шара Атырауда
да өтті. Мұнда 2500 адам Дина Нұрпейісованың күйлерін бірге орындап, оның
бейнесін жасады. Әуеден қарағанда ерекше көрінетін композицияны тамашалауға
тұрғындар мен қала қонақтары көп келді. Биыл қазақ күй анасының туғанына 165
жыл толып отыр. Шара Домбыра күнімен қатар осы тойға да арналған.
Домбыра – халқымыздың рухы мен тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін
ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан ұлттық мұра. Қасиетті аспапты ұлықтауға
арналған шара да атыраулықтар белсенділік танытты. Бір мезетте сап түзеген домбырашылар алғаш
рет күй анасы Дина Нұрпейісованың алып бейнесін жасады.

