3500 адам сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аптасы аясында өзендер мен көлдердің айналасы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. «Мөлдір бұлақ» ұранмен өткен кезекті апталыққа мемлекеттік қызметкерлер мен қала жастары қатысты. Белсенді азаматтар Есіл өзенінің жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізді.