5 мың домбырашы бір мезетте күй орындады
Талдықорғанда Ұлттық домбыра күніне орай бір мезетте 5 мың адам күй шертіп, Қазақстан рекордын орнатты. «Үкілі домбыра» атты кең ауқымды мерекелік іс-шараға өңірдің әр түкпірінен өнерпаздар қатысты. Олар қалың тыңдарманға «Ерке сылқым» күйін орындап берді.

