20 жыл салынған: Мысырда ерекше Гиза мұражай ашылды
Мысырда үлкен той. Мұнда құрылысы 20 жылға созылған Гиза, яғни «Ұлы Мысыр» мұражайы бітіп, салтанатты түрде ашылды. Жаңа музейде 100 мыңнан астам тарихи жәдігер қойылған. Олардың ішінде 83 тонналық Рамсес ІІ фараонның алып мүсіні мен Тутанхамонның жеке мүлігі болған бес мыңнан астам экспонаттар қойылған. Ғимарат Гиза пирамидаларынан небәрі 1,5 шақырым жерде орналасқан. Ал музейдің аумағы - 470 мың шаршы метр, бұл шамамен 70 футбол алаңына тең. Ол тіпті, әйгілі Лувр мұражайынан екі есе үлкен. Мысыр билігі жаңа мәдени орталық жыл сайын 5 миллионға жуық турист тартатынына сенімді. Ал, таңғажайып музей ертең туристер үшін есігін ресми ашады. Билет құны шетелдік қонақтар үшін шамамен біздің ақшаға шаққанда 16 мың теңге болады.

