Қазақстан туы Нью-Йоркте желбіреді

Қазақстан туы Нью-Йоркте желбіреді

Нью-Йорктің қаржы орталығы – Уолл-стритте Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойнап, еліміздің көк туы көтерілді. Салтанатты рәсім Республика күні қарсаңында ұйымдастырылды. Шараға қазақ диаспорасының, іскерлік және студенттік қоғамдастықтың, дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ Нью-Йорк мэрі қатысты. Шараға қатысқан қонақтар қазақтың күмбірлеген күйі мен әнін тыңдап, еліміздің мәдениеті, ұлттық өнерімен жақынырақ танысты. 

Рауан Тілеулин, ҚР Нью-Йорк қаласындағы бас консулы, АҚШ:

– Ту халқымыз үшін әрқашан бірлік пен батылдықтың символы болған және солай болып қала береді. Америкалық әріптестерімізбен осындай іс-шараны ұйымдастырғанымызға өте қуаныштымын.

Таня Янг, Нью-Йорк тұрғыны, Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйері:

– Маған елдеріңіз мен оның мәдениеті, онда тұратын өте қонақжай адамдар қатты ұнайды. Жақында мен Қазақстанда – Димаштың Астанадағы концертінде болып қайттым. Бұл үлкен шоу болды. Қазақстанға жасаған үшінші сапарым да сәтті өтті.