Қазақ халқының 50-ден астам ескі ән-күйі алғаш рет нотаға түсірілді

Нәтижесінде осы өлкенің материалдық емес мәдени мұрасына қатысты жарық көрген кітапта шығармалар үш тілде түсіндірмесімен берілген. Еңбекте кешенді музыкалық-этнографиялық зертеу барысында жиналған құнды мәдени мұралар мен заттай жәдігерлер жанрлық ерекшеліктеріне қарай сұрыпталған. Сондай-ақ көненің жұрнақтарын бүгінге дейін көздің қарашығындай сақтаған 20-ға жуық мұрагерге қатысты мәліметтер келтірілген.

Ардаби Мәулет, ҚР Ұлттық музейі мәдени мұраны ғылыми зерттеу институтының бөлім жетекшісі:

- Рухани-мәдени мұраның саласы өте үлкен. Ол тек ән мен күй ғана емес, орындаушылық өнер бар, оның ішіне музыкалық фольклор мен ауыз әдебиетіне ортақ жанрлар бар. Жоқтау, сыңсу, жарапазан, қара өлең, бақсы сарындары дейді, осының бәрі жас ұрпақтың санасыннан ұмыт болып барады. Сондайды бірді жарды білетін адамдарды жазу, сақтау мақсатында тек үш ауданда кең көлемді экспедиция жасап, содан шығарып отырған еңбек. Болашақта бүкіл Қазақстаннан осылай жиналатын болса, бізде ұрпақтан ұрпаққа кететін ұлы мәдени байлық қоры жиналады. Мына жұмыс соның басы ғой деп ойлаймын.