Әуе базасына батыр есімі берілді

Талдықорғандағы әуе базасына Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімі берілді. Естеріңізде болса, бұл бастаманың мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен ұлттық құрылтайда көтерген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік танытқан батырды ұлықтау туралы ұсыныс көпшілік тарапынан қолдау тауып, Жеңіс күнінде авиациялық база әйгілі ұшқыштың атын иеленді.