Самал Еслямова «Ника» сыйлығының лауреаты атанды
Қазақстандық актриса Самал Еслямова ресейлік «Ника» сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол «Айка» фильміндегі басты рөлі үшін 2019 жылдың үздік актрисасы деп танылды.
Айта кетейік, былтыр марапаттау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты өтпеген еді. Енді биыл ұйымдастырушылар жүлдені екі жылдың жеңімпаздарына қатар табыстады.
Еске салайық, осыған дейін Самал Еслямова Канн кинофестивалінде және Азия киноакадемиясында үздік актриса атанған.