Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы
Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы. Еліміздің үшінші
қаласы осындай халықаралық статусқа ие болып отыр. Ең алғаш түркі әлемінің
астанасы тәжі өзіміздің Астанаға бұйырған. Содан бері бұл мәдени шеру Түркияның
Ескішаһарында, Костамону, Бурса қалаларында, қырғыздың Ош, өзбектің Хиуа,
Әзербайжанның Шуша шаһарларында жалғасты. 2017 жылы бұл мәртебе өзіміздің
Түркістанға беріліп, енді міне, таңдау Ақтауға түсті.

