Jibek Joly телеарнасы «Парламент сөзі» арнайы сыйлығын жеңіп алды

Jibek Joly телеарнасы «Парламент сөзі» арнайы сыйлығын жеңіп алды. Бұл марапат заң шығарушы органның жұмысын көрерменге ашық көрсеткеніміз үшін беріліп отыр. Әр сәрсенбі сайын Мәжілістің жалпы отырысы біздің телеарнаның тікелей эфирінде трансляцияланады. Күннің ең өзекті мәселесі спикерлердің сұхбатымен кеңінен талданады. Оған қоса, жаңалықтарда сараптама сюжеттермен өріледі.

Президент Телерадиокешеніне қарасты ҚазАқпарат агенттігінің фототілшісі Виктор Федюнин «Үздік фото» номинациясында топ жарды.

Жалпы, «Парламент сөзі» байқауы осымен сегізінші мәрте өтіп отыр. Жеңімпаздар жеті бағыт бойынша марапатталады.