ҚР Президенті Телерадиокешені CMG корпорациясымен меморандумға қол қойды

Қытай төрағасының мемлекеттік сапары аясында Президент телерадиокешені мен Қытайдың СМG корпорациясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Келісім бойынша тараптар медиа ресурстары контент алмасып қана қоймай, ортақ жобаларды да көбейтеді. Әсіресе, кино индустриясын дамытуға ден қойылмақ. 

Айта кетейік, СМG корпорациясында 47 телеарна, 17 радио мен 17 газет бар.

Президент телерадиокешенімен Жэнминь Жибао газеті де меморандумға қол қойды. Қытайлық танымал басылымның 70 елде тілшілер қосыны бар. Енді елдегі жаңалықтар жаһандық ақпарат құралдары арқылы таралады. Бұған дейін әйгілі CGTN телеарнасы еліміздегі тұңғыш халықаралық спутниктік арна Силквэймен телекөпір ұйымдастырған. Кейін, қытайлық «Жібек жолы симфониясы: БІРІНШІ ОНЖЫЛДЫҚ» деректі фильмі қазақшаға аударылып, көгілдір экранға шықты.

Сондай-ақ қос арнаның эфирінде Қытай төрағасының елімізге мемлекеттік сапары мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Саммиті аясында көтерілетін тақырыптар да көрсетіліп, талқылануда. Қазір, Президент телерадиокешені шШығыстағы көршілерімізге арнап деректі фильм түсіріп жатыр. Ол көрерменге жақын арада жол тартады.