Бүркітшілер фестивалі аяқталды

Бүркітшілер фестивалі аяқталды

Шығыс Қазақстанда V Халықаралық «Шығыс Салбұрыны» бүркітшілер фестивалі аяқталды. Дүбірлі додаға жеті елден Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Испания, Ресей және Венгриядан 150-ге жуық спортшы келген. Құсбегілердің өнерін тамашалауға 10 мыңнан астам көрермен жиналды. Олар қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын ежелгі салт-дәстүрге қанықты.