Нұрғиса Тілендиевті еске алу кеші өтті

Нұрғиса Тілендиевті еске алу кеші өтті

Бүгін елордада көрнекті дирижёр, композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Ұлттық музей қабырғасында еліміздің ең үздік домбырашылары жиналып, дәулескер күйші қалдырған жауһар туындыларды орындады. Мерекелік шара Ұлттық домбыра күніне де орайластырылды. Бұл күнді қазақстандықтар шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтеді.