Түркістан: рухани мұра және туризм
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеудің жаңа бағыттары талқыланды. Жиынға қатысқан ғалымдар мен мәслихат депутаттары ұлы ойшылдың еңбектерін халықаралық деңгейде зерделеу мәселесін көтерді. Облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен өткен іс-шарада тарихи құндылықтарды сақтаумен қатар, аймақтың ішкі туризм әлеуеті мен экономикалық даму қарқыны сөз болды.
Ясауи мұрасын қайта
саралайтын уақыт жетті. Оның хикметтері мен сирек қолжазбаларды бүгінгі күн
тұрғысынан қайта талдауды талап етеді. Бұл — тек ғылыми қажеттілік емес, бұл —
түбі бір түркі жұртының бірлігін нығайтудың төте жолы, дейді ғалымдар.

