Есірткі қылмысын алдын алу мақсатында түсірілген «Тәуелсіз» деректі фильмі таныстырылды

Есірткі қылмысын алдын алу мақсатында түсірілген «Тәуелсіз» деректі фильмі таныстырылды

¤

Елімізде кейінгі үш жылда синтетикалық есірткі қолданатындар саны 10 есе көбейген. Қазір нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспары бекітіліп, кезең-кезеңімен іске асып жатыр. Әсіресе, білім ордаларында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілген.  Мәселен, күні кеше Астанада тәуелділіктің алдын алатын қойылым көрсетілді. Оны тамашалауға бірнеше мектептен 150 оқушы қатысты.


Қазақстан бүгінде есірткіні ең көп қолданатын 10 елдің қатарында. Құқық қорғау органдары кешенді жоспар түгелімен орындалса ғана ахуал реттеледі дейді. Сондай-ақ, мектептерде түсіндіру жұмыстарын өткізіп, тәуелділіктің зиянын қойылымдар арқылы көрсетудің маңыздылығын айтады. Осы ретте мәдениет басқармалары мен полиция департаменті оқушыларға арналған тегін іс-шараларды көбейтіп жатыр.

«Тәуелсіз» деп аталатын бұл қойылымда есірткіге салынған 6 адамның өмірі, қилы тағдыры баяндалады. Оқушылар әр кейіпкердің оқиғасын мұқият тыңдап отыр. Іс-шараның мақсаты да осы. Жастарға ой салып, тәуелділіктің алдын алу.