Елімізде 252 мәдени нысан жөндеуден өтті

Елімізде 252 мәдени нысан жөндеуден өтті

Былтыр елімізде 252 мәдени нысан жөндеуден өткен. Оның ішінде мұражайлар, көрме залдары, кітапханалар, мәдениет үйлері, театрлар мен тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Бұл жайында премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі аида балаева жазды. Биылдың өзінде 64 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, бірқатар жетекші мәдениет ұйымдарына «ұлттық» мәртебесі берілген. Бұл қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға мүмкіндік. Айта кетейік, елімізде мәдени мекемелерді цифрлық бағытта біріктіретін “e-museum” платформасы бар. Оған 284 музей қосылған. Мұнда 65 мыңнан астам жәдігер мен 750-ге жуық 3d-артефакт жинақталған.