«Қазақконцерт» әртістері Францияға гастрольдік сапармен барады
Қазақстандық әртістер Францияға гастрольдік сапармен барады. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» әртістері мен шығармашылық ұжымы Бельфор қаласында өнер көрсетеді. Мәселен, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, қазақ өнерінің қазынасы – «Гүлдер» ансамблі мен «Халық қазынасы» Ұлттық өнер орталығының солистері көрермендерге «Дала әуендері» бағдарламасын ұсынады. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, «FORTE TRIO» камералық-аспаптық ансамблі мен тағы басқа майталмандар да өз шығармашылығымен көрерменді тәнті етпек. Айта кетсек, әртістердің гастрольдік сапары ауқымды «Focus Kazakhstan» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр.
Айзат
Қарабек, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері:
– Өтейін деп жатқан
концертіміз, әрине, біздің мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен
өтеді. 2 концерт өтеді, 19 қаңтар күні біздің ұлттық өнерімізді тамашалайтын
боламыз. 2 концерт ол классика жанрында өтеді.