Jibek Joly телеарнасының тапсырысымен «Диван батыр» атты телехикая түсіріле бастады

Jibek Joly телеарнасының тапсырысымен тағы бір телехикаяның түсірілімі басталды. «Диван батыр» атты теле-өнім 16 бөлімнен тұрады. Туынды Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов ауылында түсіріліп жатыр. Неліктен дәл осы ауыл таңдалды? Қандай актерлер тартылды?

Міне, түсірілім тобы қалыптасқан дәстүр бойынша тарелка сындырып, телесериалдың алғашқы жұмысына кірісіп кетті. Ал бұл киноның Нағи Ілиясов ауылында түсірілуі бекер емес. Себебі, бұл еліміздегі ең іргелі, ең көрікті, әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсы дамыған елді мекендердің бірі. Түсірілім барысында ауылдың тарихы, тыныс-тіршілігі, халықтың әл-ауқаты түгел таспаланып, көрермен назарына ұсынылады.

Жасұлан Базарбай, бас продюсер:

– Бізде кино десе шаршап, қирап қалған ауылдарды іздеп тауып түсіреді. Қашанғы артқа тарта береді деген ой мазалайды мені. Сосын неге осындай ауылды жарқыратып көрсетпеске? Небір ауылдан шыққан кәсіпкерлер бар, соларға мотивация болсын.