Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Енді елдегі жыршы-термешілерге арнайы мемлекеттік награда берілетін болды. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қызметкерлерін марапаттау рәсімінде «Асыл мұра» ұлттық сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты. Ақордадағы алқалы жиында Мемлекет басшысы елдің мәдени саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға жоғары наградалар мен пәтер кілттерін табыстады.

Асан Мәжит көзіқарақты көрерменге отандық «ВУЗеры» сериалы арқылы танылған актер. Бірақ, еңбек жолын театрдан бастаған. Іле, бірнеше тарихи фильмдер мен үздік туындыларда басты рөлдерді сомдады. Төккен тер мен тынымсыз еңбектің нәтижесі бүгін төсіне «Құрмет» ордені болып тағылды. Сәйкесінше, жүктелген жауапкершілік жүгі де ауырлай түсті, - дейді ол.