Димаш Құдайберген CNN телеарнасына сұхбат берді

Димаш Құдайберген CNN телеарнасына сұхбат берді

Бүгін Лондондағы OVO Arena Wembley аренасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Қазақ әншісі еуропа орталығына Stranger турнесімен келген. Концерт алдында Ұлыбританияның белді телеарналарының бірі — CNN оны үлкен сұхбатқа шақырыпты. Сұхбаттың үзіндісін Димаш өз YouTube арнасында да жариялаған. Жүргізуші Макс Фостер қазақ өнерпазын көрермендеріне 16 тілде ән шырқайтын мега жұлдыз деп таныстырған. Димаш әдеттегідей өнердегі миссиясы - Қазақстанның мәдениетін әлемге таныстыру екенін айтып отыр. Сондай-ақ, ол дауыс диапазонының кеңеюі мен кәсіби еңбегі туралы айтып, ұстазы Марат Айтімовке алғыс білдіріпті. Ал өнерін жаратушының сыйы, бірақ үлкен еңбектің де арқасы деп айтқан. Бұл - Димаш Құдайбергеннің Лондондағы ең алғашқы концерті. Әдеттегідей, мұнда да фанаттары оны үлкен қошеметпен күтіп алған.