«Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» атты семинар өтті

Шымкентте Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Еуропадағы Қауіпсіздік ұйымының Астанадағы бағдарламалар офисі және қала әкімдігі бірлесіп, «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» атты семинар өткізді.

Онда адам саудасы мен зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың құқығын қорғау мәселелері жан-жақты сөз болды.