Димаш Madison Square Garden кешенінде жеке концерт береді

Димаш Madison Square Garden кешенінде жеке концерт береді

Биыл 5-ші қазанда Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жеке концертін өткізбек. Қазақстандық әнші әйгілі Madison Square Garden кешенінде өнер көрсетеді. Бұл әлемдік тур аясындағы ерекше бағдарлама «Stranger» шоуы болмақ. Димаш тек әнші ғана емес, сонымен қатар композитор, мультиинструменталист әрі продюсер ретінде де танылған. Ал, ол өнер көрсететін бұл сахнада кезінде Элвис Пресли, Майкл Джексон, Бейонсе, Тейлор Свифт сынды әлемдік жұлдыздар да өнер көрсеткен.