Ақын Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды
Бүгін көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды. Алматы қаласының әкімі Қазақстанның халық жазушысының шаңырағына барып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Әдебиетті, қоғамдық ой мен ядролық қаруға қарсы қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірді. «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы күрестің символына айналып, Семей ядролық полигонының жабылуына маңызды рөл атқарғанын жеткізді. «Сіздің гуманистік идеяларыңыз ұлттық мәдениет пен қоғамдық-саяси ойдың асыл мұрасына айналып, әлемге кеңінен танылды. Бірегей шығармашылығыңыз арқылы қазақ халқының тарихи санасының жаңғыруына өлшеусіз үлес қостыңыз», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

