Отандық фильмдер сапасына сын көп
Қазақстандық фильмдердің сапасы бүгін Мәжілісте талқыланды.
Депутат Жанарбек Әшімжан соңғы жылдары түсіріліп жатқан киноларды сынға алды.
Оның айтуынша, картиналарда анайы эпизодтар мен сүйектен өтетін бейпіл
диалогтар, шұбар тіл, атыс-шабыс, жадағай жаргон сөздер қаптап кеткен. Экран
мен эфирде көшенің тілі үстемдік ала бастады. Былтыр отандық 90 фильм прокатқа
шығыпты. Соның 56-сы – комедия. Ұлттық статистика бюросының дерегінше,
қазақстандықтар 17 млн 47 мың рет киноға барса, соның үштен бірі, яғни алты
миллионға жуығы отандық киноларды тамашалаған.

