100 күй білетін жас дарын
Биыл Астана мен Ұлттық домбыра күні тұспа тұс келді. Содан да болар биыл Елордада қос мейрамның мазмұны арта түсті. Осыған орай, бас қаладағы Тәуелсіздік сарайының алдында 300 күйші «Алаш аманаты» шығармасын орындап, көпшілікті қуантты. Айта кетейік, биыл әсем қала - Астананың бой көтергеніне тура 27 жыл. Әлі жап-жас бас қаланың алар асуы әлі алды. Дегенмен осы жылда да жасалғаны өте көп. Ал Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері аталып өтіп келеді. Қос мерекені астаналықтар мен қала қонақтары қалай тойлады.

