Түркістан «Қолөнершілер қаласы» атанды
Түркістанға халықаралық деңгейде жаңа мәртебе берілді!
Рухани шаһар енді «халықаралық қолөнершілер қаласы» ретінде танылып, әлемдік
аренада мойындалды. Осыған орай өңірде қолөнершілер көрмесі мен этнофестивалі
өтті. Түрлі туындылар қойылған көрмеге облыстың елге танымал шеберлері өз
қолымен жасаған бұйымдарын ұсынды.

