Қазақстанға тазының иесі деген мәртебе берілді

Қазақстанға тазының иесі деген мәртебе берілді

Тазы енді қазақтыкі. Иә, бұған дейін оны халқымыздың жеті қазынасының біріне балап жүрген едік. Енді Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе ресми түрде берілді. Халықаралық кинологиялық федерация тазыны ресми түрде ит тұқымы деп алдын ала шешім шығарды. Бұл ұлттық брендіміздің әлемдік деңгейде мойындалуы үшін жасалған соңғы қадам. Енді он жыл бойы қазақ тазысы Халықаралық кинология ұйымының назарында болады.