Этникалық қазақ қызы Риза Әлімжан Қытайда үздік актриса атанды

Қазақ қызы Риза Әлімжанқызы Қытайдың телеөнер саласындағы ең жоғары мемлекеттік марапатына ие болды. Ол аспан асты еліндегі телехикаялардың бірінде ойнаған рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясында Flying Apsaras сыйлығының лауреаты атанды. Фильм өткен жылы көрермен назарына ұсынылды.

Риза Әлімжанқызы:

Мен бақыттымын, соынмен қатар жолы болғыш адаммын. Жұмысымды бағалаған қазылар алқасы мен көрермендерге алғысым шексіз. Сіздерге өз ана тілімде ризашылығымды білдіргім келеді. Рақмет!