Бір мезетте 100 оқушы «Балбырауын» күйін орындады
Қызылордада домбыраға
құрмет көрсету шарасы әлі де жалғасып жатыр. Мұнда бір мезетте 100 оқушы
Құрманғазының «Балбырауын» күйін нақышына келтіріп орындап шықты. Бұдан бөлек,
шара барысында көпшілік назарына жергілікті өлкетану мұражайының қорындағы
қазақ халқының ең көне аспаптары да таныстырылып, шеберлер домбыра жасаудың
қыр-сырын көрсетіп жатты. ¤
Жаңақорған ауданының
тұрғыны Оспанхан Мұсаев он саусағынан өнер тамған шебер. Жиырма жылдық
тәжірибесі бар ұста Сыр бойында өсетін ағаштардан түрлі музыкалық аспаптар
жасайды. Талай өнер иесіне домбыра дайындаған ісмер қазір шәкірт тәрбиелеп,
өзінің бар білгенін жастарға үйретіп жүр.

