S&P агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін растады

S&P агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін растады

Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты». Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

ЖІӨ өсімі құрылыс, өнеркәсіп, сауда, ақпарат пен байланыс технологиялары секторындағы белсенділікпен тікелей байланысты. Оның үстіне, Үкіметтің инфрақұрылымды дамыту мен диверсификацияға бағытталған шаралары да оң әсерін тигізді. 

Рейтинг агенттігі сарапшыларының айтуынша, экономикалық реформалар мен мемлекеттік шығындардың орнымен жұмсалуы алдағы 4 жылда бюджет тапшылығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде тәуелсіз рейтингті сақтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.