«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – А. Дәдебай
«Әділет» партиясы қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз ету үшін құрылған. Бүгін «Әділет» партиясында Саяси кеңестің отырысы өтіп, онда партия төрағасы Айбек Дәдебай осылай деді. Жиында ұйымдық даму, өңірлік құрылымды нығайту мәселелері және партия жұмысының алдағы бағыттары талқыланды. Сондай-ақ 14 маусымда Астанада партияның ІІ съезі өтетіні айтылып, дайындық барысы да пысықталды. Жиында сөз алған сарапшылар мен қоғамдық бірлестік жетекшілері Әділетті Қазақстанды құру жолында белсенді азаматтардың күш біріктіруі маңызды екенін атап өтті. Қазіргі таңда партия ел дамуына серпін беретін жаңа бастамалар топтамасын әзірлеп жатыр.

