Электронды темекіні тартқан да, сатқан да жазаланады

Бүгін Мәжіліс Сенат қайтарған вейптерге тыйым салатын заңның кейбір тұстарына өз келісімін берді. Енді электронды темекіні тартқандар да, сатқандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған орай Астана қалалық әкімдігі вейппен күресті бастап кетті. Әзірге сатушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Заң күшіне еңген сәттен бастап мұндай өнім сататын дүңгіршіктердің есігіне құлып салынады.