Қытайлық инвестор Түркістанда төрт зауыт салады

Қытайлық инвестор Түркістанда төрт зауыт салады

Қытайлық инвестор Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы саласына қатысты 4 бірдей зауыт салуға ниетті. Аспан асты елінің компаниясы бұл нысандардың құрылысына 50 млрд теңге құюға дайын.  Аймақ әкімдігінің мәлімдеуінше, ол қатарда тері өңдейтін кәсіпорын, желатин шығаратын зауыт, тамшылатып суару қондырғыларын құрастыратын өндіріс ошағы және мақта өңдейтін зауыт бар. Аталған ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін облыста 300 гектар аумақта арнайы индустриялық аймақ құрылмақ.